National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасы

2015 жылғы 16 наурыз

 

Елбасының 18 наурызда Президенттің Іс басқармасының Медициналық орталығының Клиникалық-оңалту кешеніне баруы жоспарлануда. Президент мұнда заманауи технологияларды қолдану негізінде мамандандырылған жоғары медициналық көмек көрсететін мекеменің жұмысымен танысады.

Сол күні Қазақстан Президенті Ақордада бірқатар шетелдік мемлекеттердің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдайды.

19 наурызда Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Назарбаевты қолдайтын республикалық және өңірлік қоғамдық штабтардың ашылу рәсімі жоспарланған.  

20 наурызда Астанада Қазақстан Республикасы, Беларусь Республикасы және Ресей Федерациясы президенттерінің үшжақты кездесуін өткізу жоспарлануда.

Мемлекет басшылары үш елдің өзара сауда және экономикалық ықпалдастығын тереңдету мәселелерін қарастырады. Сонымен қатар президенттер әлемдік экономиканың даму үрдістерін және Украинадағы ахуалды талқылайды.

21 наурызда Мемлекет басшысының Наурыз мерекесіне арналған іс-шараларға қатысуы жоспарланған. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің