Жаңалықтар

13 мамыр 2013
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Абдуллаh Гүлге Рейханлы қаласында болған жарылыстардың салдарынан көптеген жанның қайтыс болып, зардап шеккеніне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

 

«Лаңкестіктің етек алуы бүгінгі күні баршамызға ортақ қауіп-қатерге айналып отыр. Қазақстан халықаралық қауіпсіздікке қатер туғызатын лаңкестіктің кез-келген түрін барынша айыптайды», - делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы қайғылы оқиғаның салдарынан қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарының қасіреттеріне ортақтасып, шын ниеттен көңіл айтты.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар
Барлық баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар