Жаңалықтар

13 мамыр 2013
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халық суретшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Гүлфайруз Ысмайылованың қайтыс болуына байланысты отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады

 

Жеделхатта кәсіби қылқалам шебері Гүлфайруз Мансұрқызы сурет өнеріндегі қайталанбас туындыларды, соның ішінде халқымыздың ұлы тұлғаларының портреттерін өмірге әкелгені атап өтілген.

«Ол кино және театр өнерінің дамуына, сондай-ақ, танымал опералар мен фильмдердің көркем безендірілуіне өлшеусіз үлес қосты. «Қыз Жібек», «Ботагөз» сияқты шоқтығы биік кинотуындыларда негізгі рольдерде ойнап, елдің шексіз ықыласына бөленді. Оның қазақ өнеріне сіңірген еңбегі лайықты марапаттармен атап өтілді. Гүлфайруз Мансұрқызының еңбектері бейнелеу өнеріндегі баға жетпес рухани байлығымыз болып қала береді», - делінген жеделхатта.  


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар
Барлық баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар