National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Президент жанындағы комиссиялар

Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлығын беру жөнiндегi комиссия

Комиссия «Ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлықтары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 ж. 13 тамыздағы № 381 Жарлығымен ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы жетістіктері үшін мемлекеттік сыйлық беру жүйесін жетілдіру мақсатында құрылды

Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлығы (бұдан әрi - Мемлекеттiк сыйлық) әдебиет пен өнер қайраткерлерiнiң еңбегiн қоғам мен мемлекет алдында жоғары тану болып табылады.

Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлығы отандық мәдениеттi дамытуға ерекше бағалы үлес деп танылған әдебиет пен өнер саласындағы аса үздiк шығармалары үшiн берiледi.

Мемлекеттiк сыйлықтарды Қазақстан Республикасының Президентi Тәуелсiздiк күнiне бередi.

Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлығы 2008 жылдан бастап екi жылда бiр рет берiледi.

Мемлекеттiк сыйлық алуға ұсынылған жұмыстарды Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлығын беру жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) қарайды.

Комиссия Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады және Мемлекеттiк сыйлығын алуға ұсынылатын жұмыстарды қарау және iрiктеу мақсатында құрылады.

Секциялардан тұратын Комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi. Комиссияны Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы басқарады.

Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгi болып табылады.

Комиссияның төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына және ережеге сәйкес оның жұмысын ұйымдастырады және Комиссия мүшелерiнiң қызметiн үйлестiрудi қамтамасыз етедi.

Комиссияның хатшысы жұмыс органы дайындаған құжаттар мен материалдарды Комиссияның қарауына ұсынады.

Комиссияның отырыстары Комиссияның төрағасы бекiтетiн жұмыс жоспарына сәйкес өткiзiледi. Жоспардан тыс отырыстар Комиссия төрағасының шешiмi бойынша қажеттiлiгiне қарай өткiзiледi.

Комиссия мен оның секцияларының отырыстары олардың мүшелерiнiң жалпы санының үштен екiсi болған кезде заңды болып табылады. Комиссияның шешiмдерi хаттамамен ресiмделедi.

Әрбiр номинация бойынша Комиссияның шешiмдерi жай көпшiлiк дауыспен: алдын ала iрiктеу кезiнде ашық дауыс берумен;       түпкiлiктi iрiктеу кезiнде жасырын дауыс беруiмен қабылданады.

Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:

Мемлекеттiк сыйлық алуға ұсынылатын жұмыстарды алдын ала және түпкiлiктi iрiктеудi жүргiзедi;

Мемлекеттiк сыйлық алуға ұсынылатын жұмыстарды рецензиялауға әдебиет пен өнер саласындағы мамандарды тартады;

Комиссия мүшелерiн Мемлекеттiк сыйлық алуға ұсынылатын жұмыстармен танысу үшiн олар орналасқан жерлерге жiбередi.

Комиссияның жұмыс органы мынадай функцияларды жүзеге асырады:

Мемлекеттiк сыйлық алуға ұсынылатын жұмыстарды ресiмдеуге қойылатын жалпы талаптарды әзiрлейдi;

Мемлекеттiк сыйлық берiлетiн жылы Комиссияның атынан Мемлекеттiк сыйлық алуға жұмыстарды қабылдау туралы хабарландыруды, оларды ресiмдеу жөнiндегi талаптарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;

Мемлекеттiк сыйлық алуға үмiткерлердiң жұмыстарын қабылдауды және тiркеудi жүзеге асырады;

алдын ала iрiктеуден өткен жұмыстарды ұсынған авторлар мен ұйымдарды көрсете отырып, осы жұмыстардың тiзiмiн кеңiнен талқылау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;

Мемлекеттiк сыйлық алуға ұсынылған жұмыстарға келiп түскен пiкiрлерге талдау жүргiзедi және нәтижелерiн Комиссияға ұсынады;

ұсынылған жұмыстарды Комиссияның қарау қорытындылары бойынша Мемлекеттiк сыйлық беру туралы Қазақстан Республикасы Президентi актiсiнiң жобасын белгiленген тәртiппен әзiрлейдi;

Мемлекеттiк сыйлық лауреаттарының дипломдарын және омырау белгiлерiн дайындауды, лауреаттарға Мемлекеттiк сыйлықтың ақшалай сыйақысын төлеудi қамтамасыз етедi.

Комиссияның қызметiн тоқтату туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының Президентi қабылдайды.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару